Алдағы үш күнде елімізде 0 градусқа дейін жылынады
Алдағы үш күнде елімізде 0 градусқа дейін жылынады
Фото: Аbctv.kz
235
оқылды
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, жауын-шашын, қар, екпінді жел, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі, – деп хабарлады  «Қазгидромет» РМК.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады. 27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда 0...8 градус аяз, солтүстік, орталық аймақтарда 7...15 градус аяз, елдің шығысында 7...20 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 0...10-ға дейін жылынады», – делінген «Қазгидрометтің» 25-27 қаңтарға арналған хабарламасында.