Елордада рақымшылыққа ілінгендер бостандыққа шыға бастады
Елордада рақымшылыққа ілінгендер бостандыққа шыға бастады
436
оқылды
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойып, оған 11 мың сотталған азамат ілікті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан К. есімді азамат рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты. Ол ҚР ҚК 106-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Мерзімінің 2 жылын артта қалдырып, ендігі екі жылы қалған кезде күтпеген жерден қуанышты хабарды естіген.
«Менің сот ісім аяқталды. Көптен күткен рақымшылық іске аса бастады. Шынымды айтсам, мен жолы болғыш адамдардың қатарынан емеспін. Сондықтан кездейсоқ төбелес мені түрмеден бір-ақ шығарды. «Шаруашылық қызмет көрсету бөліміндегі сотталушылардың ішінен құжат тапсыруға тек екі адам ғана сай келіп тұр» дегенді естіген кезде, соның бірі мен боламын деп мүлдем ойламадым, тіпті сенген жоқпын», – дейді жазасын өтеуші.
Сотталушыға мекеменің тәрбие бөлімінің мамандары барлық қажетті құжаттарды жинап, өтінішті дайындауға көмектескен. Араға үш апта салып, сот отырысы өтті.
«Процестің қалай өткені толық есімде жоқ. Қатты толқыдым және бостандыққа шығуға үміттендім. Шешім жарияланып, отряд бастығы менің мерзімім қысқарғанын айтқан кезде, сене алмадым. Содан мені біздің жасақтың жігіттері құттықтады, ал арнайы бөлім инспекторы енді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру керектігін айтты. Басқаларды білмеймін, бірақ мен осындай еркіндікті сезінуге мүмкіндік беретін заңды қабылдаған біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін», – дейді бостандыққа мерзімінен бұрын шыққан сотталушы.