Батыр ұғымы тек шайқаста ерлік көрсеткендермен өлшенбейді, ол сондай-ақ бейбіт күнде екінің бірінің қолынан келмейтін батыл әрекетке барған азаматтарға да қарата айтылады. Ал біздің арамызда ондай жандар көп. Тек олар туралы көп жазыла бермейді. Біз елде болған оқиғаларда көзсіз ерлік көрсеткен бірнеше қазақстандық туралы мәлімет жинақтап, жариялауды жөн санадық.
– Жағалау кішкентай шығанақтың жанында болғандықтан айналып бару керек. Әйелім мен анам сол жаққа жүгірді. Ал мен уақытты босқа кетірмес үшін бірден суға секіріп, жағалауға қарай жүзе жөнелдім, – дейді Виктор.
Әлгі жерге жеткенде жасөспірімнің суға батып кеткенін білген. Содан Виктор қыздың суда жүзіп жүрген жеріне сүңгіп, оны іздей бастаған.
– Судың астынан түк көрінбеді. Қаншама іздесем де таппадым. Бір уақытта лайланған судың астынан ағараңдаған бірдеңе байқалды. Қарасам, әлгі қыз. Өзіме де дем жетпей барады. Бар күшімді жиып, қызды жоғарыға қарай итеріп жіберіп, жағаға шықтым. Жағадағылар қызды судан шығарып алып жатыр екен. Көз жанары шарасынан шығып кеткен, дем алмайды. Бәзбіреулер жедел жәрдем шақырып жатты. Оларды күтпестен дем салуға кірістім. Сол кезде анам оның жүрегіне тоқтаусыз массаж жасады. Дәрігерлер 40 минуттан кейін келді. Жасөспірім шұғыл түрде Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілді. Сөйтіп, әлгі қыздың жағдайы жақсарып, бірнеше күннен кейін ауруханадан шықты.
– Тұрғынның үйіне қарды омбылап, жаяулатып бардым. Қатты уланыпты, ауруханаға жатқызу керек болды. Ал зембілге салып апару мүмкін емес еді. Үйдің ауласында жатқан көліктің капотын байқап қалып, сонымен сүйреп апармақ болдым, – дейді ол.
Осындай батыл қадамның арқасында жеті баланың әкесі ажалдан аман қалды. Ауруханаға жеткізілген күні жансақтау бөліміне түсіп, кейін терапия бөлімінде ем алып, үйіне оралған.