Жыл басынан бері 15 мыңнан астам алматылық мұқтаж жанға мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы мен басқа да партиялар фракциялары тарапынан азық-түлік себеттері мен дәрі-дәрмек сатып алу үшін ақшалай көмек берілді.
Тек соңғы үш тәулік ішінде 10 аурухана азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қан тапсыру ұйымдастырылып, оған қалалық мәслихаттың 40 депутаты мен партия белсенділері қатысқан.
Партияның депутаттық фракция мүшелері Г.Бекенова, М.Сүлеев, М.Финогенов, З.Өмірбаева, А.Нәбиев және партия белсендісі Н.Даут түрлі дәрежедегі жарақат алған әскери қызметшілерге және Ұлттық ұлан бөлімшесіне барды. Оларға қолдау және алғыс айтылды. Сондай-ақ материалдық көмек көрсетілді.
Жалпы айтқанда, нұротандықтар Алматының барлық аудандарында мұқтаждарға ақшалай көмек көрсетті. Мысалы, «Арт Сәулет» ЖШС (Бауыржан Қайынбаев) және Ordabasy Group корпорациясы (Сабыржан Зайнидинов) қайырымдылық көмекке 35,5 млн теңгеден, «Атрикс-Строй» ЖШС (Әміржан Нәбиев) 21 млн теңге, «КазФерроСталь» ЖШС (Аида Бекманова) 6,8 млн теңге және «АЗМК» ЖШС (Шухрад Шардинов) 6 млн теңге бөлді.