Алматы қаласында төтенше жағдай режимі алынып тасталса да, қалаға кіреберістерде орнатылған блок-бекеттер жұмысын жалғастырып жатыр. Себебі аймақта террористік қауіптің «қызыл» деңгейі әлі де сақталып тұрғанға ұқсайды.
Қаланың аумағына бойынша ашылған бес стационарлық блок-бекет 8 қаңтардан бастап жұмыс істеп тұр. Оларға полиция қызметкерлерімен бірге Қарулы Күштердің 170-тен астам әскери қызметшісі кезекшілік етеді. Жауынгерлік техникалар да орнатылған. Күзетшілері әр автомобильді іріктеп тексереді. Блок-бекеттер «Гүлдала» кентінде, Думан шағынауданында, Жандосов және Карьерная көшелерінің қиылысында, Қапшағай трассасында және Райымбек даңғылындағы «Алтынорда» базары ауданында орнатылған. Ал ведомство әзірге құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды сұрап отыр.