Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасады.
"Биыл 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай біржолғы көмек ақша төлеу туралы таратылып жатқан ақпарат жалған екенін, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын, азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Президенттің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорынан көмек алуға өтінімді қалай беруге болатынын жазған болатынбыз.