Қазақстанда утилизациялық алым мәселесіне қатысты наразылық соңғы жылдары өршіді. Халықтың жанайқайынан соң, осы мәселені шешу үшін Президент арнайы тапсырма берді. Іле-шала Үкімет қаулысымен «Оператор РОП» жұмысын тоқтатты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады.
«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.