Полицейлер «Оператор РОП» қызметкері неден көз жұмғанын айтты
Полицейлер «Оператор РОП» қызметкері неден көз жұмғанын айтты
Фото: yandex.kz
363
оқылды

Астанада «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры жұмыс орнында көз жұмды.

«Ер адамның өліміне қатысты Есіл ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады» делінген хабарламада.

Есіл аудандық полициясының мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Astana Apartments бизнес орталығының 6-қабатындағы жұмыс кабинетінде суицид жасаған. Полицейлер электр шәугімнің сымын пайдаланғанын айтып отыр. Бүгін «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды.

Ол «Оператор РОП» ЖШС-да құқық жөніндегі мәселелерге жауапты болған. Полиция оның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.