Елордада лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылады, – деп хабарлайды Лаңкестікпен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб.
Нұр-Сұлтан қаласында ахуал тұрақтанған. Осыған орай, 27 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап қала аумағынан лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін алып тастау туралы шешім қабылданған.
«Күштік құрылымдардың бөлімшелері жұмыстың штаттық режиміне көшті. Азаматтардың түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік көрсете білгені үшін ризашылығымызды білдіреміз», - делінген хабарламада.