Алдағы 3 күнде елімізде 26 градусқа дейін аяз болады
Алдағы 3 күнде елімізде 26 градусқа дейін аяз болады
© stan.kz
215
оқылды
Синоптиктер Қазақстанда 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.  Болжам бойынша қатты аяз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында -18...-23°С, кей жерлерде -26°С дейін күн суытады.
“Батыста, сондай-ақ 28-29 қаңтарда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі”, – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
26 қаңтарда Қазақстанда бұрқасын, тұман күтіледі.