Kaspi банкінің негізін қалаушы миллиардер "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығып кетті
Kaspi банкінің негізін қалаушы миллиардер "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығып кетті
Вячеслав Ким. Фото: Тime.kz
402
оқылды

Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінен кетті. Бұл туралы KASE хабарлады.

26 қаңтарда KASE сайты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан тәуелсіз директор Вячеслав Ким өз еркімен шыққанын хабарлады. Енді қордың директорлар кеңесі 6 адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев және Әлібек Қуантыров. Айта кетейік, Вячеслав Ким 2021 жылы әлемдегі ең бай адамдар қатарына қосылды. Ол – Kaspi банкінің негізін қалаушылардың бірі, 3,3 миллиард доллар капиталымен әлемдік байлар тізімде 925-орында тұр. 2021 жылы ең бай қазақстандықтар рейтингінде үшінші орында тұрды. Қазақстандық Forbes-тің мәліметінше, Вячеслав Ким Magnum сауда желісінің бақылау кеңесінің төрағасы, «Алсеко» АҚ бақылау кеңесінің мүшесі (2020 жылғы мәлімет бойынша 90% акциясына ие), QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Сонымен бірге Қазақстан Таэквондо федерациясының президенті, Қоғамдық Fizmat Endowment Fund мүшесі, РФММ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің және «Мейірім» қайырымдылық қорының мүшесі. Еске сала кетейік, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударады.