Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталды
Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталды
Сурет: depositphotos
259
оқылды
Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады.
Терроризмге қарсы іс-шараларды ҰҚК қызметкерлері "А" арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыруда.
«ҚР ҚК 287-бабының 4-бөлігі, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді», - делінген республикалық жедел штаб хабарламасында.
Қылмыстық топ мүшелерінен қару (тегіс ұңғылы қару, оқ-дәрілер), жарқылдақ шуылдатқыш және жауынгерлік гранаталар, полиция қызметкерлеріне арналған жарақтар, ұялы телефонның 123 қабы, жасыл түсті ерекше иісі бар зат тәркіленді.
«Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.