Жаңа қаулы: эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, шектеулер алынады
Жаңа қаулы: эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, шектеулер алынады
Фото: qazweek.kz
275
оқылды

Бүгін Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы шектеулерді жеңілдететін жаңа №7 қаулысын шығарды.

Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимін шектеу алынады. Бұл туралы Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, шектеу алынып тасталады.
Атап айтқанда, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни және ойын-сауық нысандарының (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік) қызметі, бассейндер.

Бұған дейін Қиясовтың қаулысымен шетелге баратын азаматтар үшін вакцина мәселесіне қатысты қаулысы шыққан болатын.