Бүгін таңғы сағат 8:50 шамасында “Самара-Шымкент” тас жолында жойқын жол апаты болды
"Volkswagen Sharan маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол жол жиегінде тұрған Merсedes ауыр жүк көлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соқтығысу салдарынан үш жолаушы (1987, 1988 жылы туған екі әйел және 1976 жылы туған ер адам) оқиға орнында көз жұмды, қалған үш жолаушы мен Volkswagen жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.