Қылмыскерлералдап-арбаужолыменШымкенттұрғындарыныңжартымиллиардтеңгегежуыққаражатынқолғатүсірген. Шаһардағыдүкендердіңбірінде 3 әйелқалатұрғынынқоршайалып, тезбаюдыңқызықтытәсілінұсынған. Алаяқтықсхемасықарапайым: тұрғынбанктен 1 миллионтеңгекөлемінденесиеалады. «Соның 300 мыңтеңгесінөзіңеалып, 700 мыңтеңгенібізгеберсең, несиенітолықтайөзімізжабамыз» депсендірген.
Өзіне тиесілі соманы қалтасына басқан соң аңқау адам көңілі жайланып, өз жайына кетеді. Ал алаяқтар, әрине несиені өтемейді, із-түзсіз жоғалып кетеді. Азаматтар алданғанын тек несие төлейтін уақыт өтіп кетіп, соны ескертуге банк қызметкері хабарласқанда немесе соңына ЖСО-лар түсіп, картасын бұғаттағанда бір-ақ біледі.
Содан кейін жәбірленушінің бірі полицияға жүгінген. Полицейлер куәгерлермен сұхбаттасып, алаяқтар жүруі мүмкін жерлердегі бейнекамералардың жазбаларын көрді. Көп ұзамай жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, әйелдердің кім екенін анықтап, оларды қамауға алды. Үшеуі де Түркістан облысының тумалары болып шықты. Тергеу барысында олар сол бір ғана схема бойынша 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 400 миллион теңгені құрады.
«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде осы қылмысқа қатысты үш азаматша анықталды. Олардың алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Аталған тұлғалар күдікті деп танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы АПБ тергеушісі Спандияр Зайнидин.