Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасына орден табыстады
Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасына орден табыстады
Фото: polisia.kz
137
оқылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасына мемлекеттік награда табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер Дархан Барғанаев пен Ербол Ержанов «Айбын» орденімен марапатталды.
«Әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады», – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ ерлікпен қаза тапқан Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержанов III дәрежелі «Айбын» орденімен, Алматы облысы ПД Жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Дархан Барғанаев II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етті. Екі баласы бар. Дархан Барғанаев ІІО-да еңбек жолын 2011 жылы бастады. Қызмет еткен жылдары ол өзінің кәсібилігін көрсетті.

Бұған дейін Алматыда қаза тапқан полицейлерге 5 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлаған болатынбыз.