Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
© primeminister.kz
237
оқылды
Үкіметтің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.  Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы. 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.