Алматыда метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігіт қамауға алынды
Алматыда метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігіт қамауға алынды
Фото: liter.kz
252
оқылды
Алматыда пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Соттың мәліметінше, ер адам "Mega Center" сауда ойын-сауық орталығындағы фудкортта бола тұра үстелге шығып, үстіндегі киімін шешіп, қатты айқайлап, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзған. Сот отырысында ол құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Нәтижесінде сот азаматты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындаған.
"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот құқықбұзушылықтың нақты мән-жайын есепке алды. Бұл жол беруге болмайтын әдептілік ережелерін елемеу, айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу бойынша болды", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілі.