Күлкі керуені
Тілазарды жұмсасаң,
Азар да безер.
Зығырыңды қайнатып,
Ығырыңды шығарар.
***
Ойынға
Мойын бұрып,
Алаңдады.
Далаңдады.
Сыныпты әрең тәмамдады.
***
"Жақсы оқиды!" деп
Қызығасың.
Қызғанасың.
Іші күйгендер
Тұз жаласын.
***
Ұйқысының
Ұйқы-тұйұқысы шығып,
Жанарына жас тығылыпты.
Жас тығылған себебі-
Жастықта жатып бастырылығыпты.
Өзгені шағыстырып,
Өзі білінбеді.
Өсекшіге өкпелеп,
Көзім ілінбеді.
***
Албасты басқыр қасқыр
Қалың қойды ықтырды.
Ықтырғанын көріп,
Төбе шашым тік тұрды.
***
Күн батып,
Қас қарайды.
Қас қарая көрсетті
Аспан айды.
Мәдиге
әли кеп,
Ойнағаны ғанибет.
Мәди мен
әлиге
Ғани кеп,
Қосылса қалар зар илеп.
***
Сара апайдың
Сары шалы,
Самсаны
Шайнай алмай шаршады.
Əпер демей үш етік,
Бір етікті місе тұт.
Бір ағайды
Танығыңқырамадым.
Танығыңқырамағаныма
Жабырқағыңқырадым.
***
Сатыр-сұтыр,
Тақыр- тұқырға
Бір сәт
Таңырқап тұрсақ.
Бытырадай бықпырт қып,
Соққан екен бұршақ.
Бейқамға не айтам?
Не айтсам да бейқам.
***
Бейқамға не айтам?
Не айтсам да бейқам.
***
Бір пәнді ғана
Жақсы оқитын Нұртанды,
Жұрт алды дей алмаймыз.
***
Дәу қарға
Тауларға қонбайды.
Тауларға қонбайтын
Дәу қарғаға дау бар ма?