2022
2022
271
оқылды
Тастайтындай малындырып нұрға елді, Жарқ-жұрқ етіп тағы да бір жыл келді. Тағы да бір жыл кетті, Түріп ашып жабық тұрған іргемді.   Арадағы бөгеу болмай аз ай түк, Аққан жылға арзымайсың наз айтып. Кеткен жағын көбейтті ол, Қалған жағын ғұмырымның азайтып.   Жаңасы кеп баса бере солығын, Жасамысы қолдан берді қорығын. Бір министр келгенде, Бір министр босатқандай орынын.   Шылқа тойып шарап пенен шырынға, Келген жылды кетпейтіндей ырымда. Дегенменен, мен білсем, Жылдан артық тұра алмайды мұның да.   Бірі артып,- деме,- бірі кеміді, Екеуі де уақыттың тең ұлы; Жаңа жыл,- деп жатқаның Ескісінің жаңартылған нөмірі.   Әйткенмен, әуелесе әдіпті ой, Сен де көңіл қоңырауын қағып қой. Биыл кеп тұр, Келер жыл кейбіреуге келмеуі де кәдік қой...

Абзал БӨКЕН