ШҚО-да 764 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да 764 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды
426
оқылды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті 2021 жылы өңірде 764 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 21 адамға көп. Тәртіпті бұзып, әдептен озған 764 шенеуніктің 401-і жергілікті атқару органдарында, 363-і орталықтағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінде жұмыс істеген. 2020 жылы 7 адам мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, 33 адам мемлекеттік қызметшінің этикасын бұзғаны үшін жазаланған. 2021 жылы 18 адам мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, 21 адам мемлекеттік қызметшінің этикасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Былтыр өңірде мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін бұрынғы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметінен босатылған.
«Бұл мемлекеттік қызметкердің әрекеті қоғамда резонанс тудырғаннан кейін ӘҚБК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қызметінен шеттетілді», - дейді департамент директоры Нұрлан Еркебаев.