Елордада кәсіпкерлерге тегін сауда орындары беріліп жатыр
Елордада кәсіпкерлерге тегін сауда орындары беріліп жатыр
Сурет: Оңалхан Өнерхан
247
оқылды

Astana ӘКК АҚ азық-түлік тауарларының барлық түрлерін сату үшін кәсіпкерлерге тегін сауда орындарын ұсынады. Орындар кәсіпкерлерге, фермерлерге, ауыл шаруашылықтарына алғашқы жыл бойғы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде беріледі, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Наурыз айының соңына дейін жалға алу тегін, содан кейін жеңілдетілген тариф қолданылады деп жоспарланып отыр. Жеңілдікті тарифтен түсетін пайда тек коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалады. Сауда орындарын алу үшін +7 747 810 3507 нөміріне қоңырау шалу қажет. Жәрмеңкенің мекенжайы: Есіл ауданы, «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109. Айта кетейік, 7 мың шаршы метрлік жәрмеңкеде 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет жүргізе алады. Қазір жәрмеңкеге көрші облыстардың ауыл шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпкерлерінің өнімдері қойылады. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға төмендетілген.