Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
188
оқылды
Синоптиктер жексенбі, яғни 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын көбінесе қар түрінде жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысынының солтүстік - шығысында және таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде-жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде-тұман болады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болып, солтүстігінде – тұман түседі. Атырау облысының шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.