Полицейлер жоғалған қыздарды жылдам табу мақсатында сыныптастарының үйлерін аралап, мектеп басшыларымен байланысты, - деп хабарлайды Экспресс К басылымы.
«Қалалық ПД жеке құрамы Түркістанда орналасқан мейрамхана, кафе-бар, сауда орындарын мұқият тексерді. Жүргізушілерге қыздердің суреттері көрсетілді. Сонымен қатар жақын араласатын құрбыларының ортасын анықтау шаралары жүзеге асырылды», — деп мәлімдейді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Тәулік бойы тынымсыз іздеу жүргізген полицейлер келесі күні жоғаоған қыздарды тауып алған.
«13 жасар жасөспірім қыздар Ордабасы ауданы Темірлан тас жолы бойында Түркістан – Шымкент бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар көлігінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыздар ата-анасына аман-есен табысталды», — деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері жоғалған қыздардың бірі отбасында болған түсініспеушіліктен соң, үйінен шығып кеткенін, ал құрбысы оған қолдау білдіріп, екеуі Түркістан қаласына келгенін анықтаған. Екі қыз қалада пәтер жалдап, түнеп шыққан. Келер күні екеуі Шымкент қаласына кетіп бара жатқан жолда автобустан табылды.
Аталған жайтқа байланысты жасөспірімдердің ата-аналарына ӘК 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.