Конгода БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді
Конгода БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді
299
оқылды

Конго Демократиялық Республикасының әскери трибуналы бес жыл бұрын БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 51 адамды өлім жазасына кесті. Марқұмдар Швеция азаматы Зайда Каталан мен АҚШ азаматы Майкл Шарп болатын, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

France-Presse басылымының жазуынша, БҰҰ сарапшылары 2017 жылы наурызда Касаи провинциясындағы миссиясын атқару кезінде жоғалып кеткен. Ал наурыз айының соңында олардың денесі табылған. Олардың өліміне күдікті деп танылған 54 адам сот ісіне тартылды. Олардың бірі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, екеуі ақталып шықты. Өлім жазасына кесілгендердің бәрі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін болады, өйткені республикада 2003 жылдан бері өлім жазасына мораторий енгізілген. Өткен жазда Конгода коменданттық сағат енгізілген. Бұл шара қала шіркеулерінің бірінде болған екі жарылыстан кейін қолға алынды. Сол кезде екі адам зардап шекті. Кейінірек Бени агломерациясына кіретін Рувензори коммунасында екінші жарылыс болып, лаңкестің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланды.