Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 65 жастағы зейнеткерді іздеп жатыр.
Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұратын 1957 жылы туған ер адам кеше, 28 қаңтарда сағат кешкі 19:30-да үйінен шығып кетіп, кері оралмаған. Содан бері жоғалған зейнеткерден бір дерек болмай тұр.
Туыстары зейнеткердің жоғалғаны туралы Төтенше жағдайлар департаментіне 29 қаңтар күні сағат 00:15-те хабар берген.
«Кешеден бері отбасына оралмаған ер адамды іздеу жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірге жүргізіліп жатыр. Жоғалған зейнеткерді іздеуге Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің жедел құтқару жасағынан 11 қызметкер, 2 қызметтік ит пен 2 арнайы техника тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.