Синоптиктер 9 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 9 өңірде ескерту жариялады
185
оқылды
Синоптиктер ауа райын байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 31 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. 31 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман және көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді. 31 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 31 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. 31 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болуы болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 31 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 31 қаңтар-1 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте 31 қаңтар-1 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.