Нью-Йоркте 60 қабатты зәулім ғимараттан секірген "АҚШ аруы – 2019" Чесли Крист көз жұмды. Бұл туралы New York Post хабарлады.
Оқиға таңғы 7:15-те Мидтаундегі 42-көшесінде болған. "АҚШ аруы" өзіне-өзі қол жұмсамастан бұрын инстаграм парақшасында жазба жариялаған.
Сондай-ақ Чесли Кристтің бөлмесінен хат табылған. Онда ол барлық мүлкі мен байлығын анасына қалдыратынын жазған. Алайда бұл өмірмен не үшін қоштасқаны туралы ештеңе жазбаған.