Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, оған пәтер сатып алған
Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, оған пәтер сатып алған
© Sputnik / Абзал Калиев
293
оқылды
Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған. 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 25 қаңтар күні Қарағанды қаласы полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады. Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне сақтауға берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлыққа әйелдің өзі барғанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алғаны белгілі болды.