Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 20 адам қайтыс болды.
18 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмды.
1 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 141 347 адам (–140 015+ және 1 332 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 10 551 науқас стационарда, 130 796 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
423 науқастың жағдайы ауыр,
165 науқастың жағдайы өте ауыр,
90 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.