Қаржы пирамидасы: күдікті ерлі-зайыпты ұсталды
Қаржы пирамидасы: күдікті ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: mail.kz
278
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады.

Екеуі «Елімай – 2019» тұтыну кооперативінің атын жамылып, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген. Ерлі-зайыптыға қатысты іс 217-бап (Қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схеманы құру және басқару – ред.) бойынша тергелуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияға зардап шеккен 125-тен астам адам шағымданған. Қаржы мониторингі агенттігі зардап шеккен азаматтарды мына мекенжайға хабарласуды сұрайды: Өтеген батыр кенті, Батталханова көшесі, 11А немесе +7 (727) 251-71-06 телефоны арқылы хабарласуға болады.