Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орны табылды
Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орны табылды
Фото: Кmg.kz
1,076
оқылды

Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан Өзен кен орнында 39,9 млн тонна көлемінде жаңа мұнай кен орны табылды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" хабарлады.

"Өзенмұнайгаз" компаниясының барлау жұмыстары нәтижесінде, Өзен кен орнындағы мұнай қоры 8%-ға ұлғайды. "ҚазМұнайГаз", "Өзенмұнайгаз", "ҚМГ Инжиниринг" және "ҚМГ Инжиниринг в Актау" филиалдары Өзен кен орнын барлауды 2017 жылы бастаған. 2017-2021 жылдар кезеңінде 3D жоғары шешімді сейсмикалық барлау түсірілімі жүргізілді, ұңғымалардың бүкіл қоры (7 500-ден астам) қайта пысықталды, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және геологиялық 3D-модель қайта құрылды. Айта кетейік, Өзен кен орны – Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша бірегей бастапқы геологиялық қоры бар ең ірі кен орны. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай және газ конденсатын өндіреді. Өзен мұнай-газ кен орны Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 12 шақырым, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан. Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы наразылыққа шыққан еді. Кейін наразылықтар Қазақстанның басқа өңірлерінде жалғасты. 18 қаңтарда Республикалық бюджет­ті бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» АҚ жұмысын­дағы заңбұзушылықтарды анықтаған еді.