Бүгіннен бастап әйелдерге арналған тағы 6 вагон қосылды
«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, бүгіннен бастап әйелдерге арналған вагондар саны көбейді.
Атап айтқанда, пилоттық режимде тағы алты пойыздан әйелдер вагоны ашылды:
1) № 45/46 «Павлодар – Шымкент»;
2) № 85/86 «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент»;
3) № 37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Семей»;
4) № 47/48 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау»;
5) № 379/380 «Алматы-2 – Орал»;
6) № 73/74 «Алматы-2 – Жезқазған» жолаушылар пойызында әйелдер вагоны жолға шықты.
Сондықтан теміржол билетін рәсімдеген кезде жолаушылар мұқият болуы тиіс. Әйелдер вагонына тек қана 7 жасқа дейінгі ер балаға билет алуға рұқсат.