Үкімет министрлер мен әкімдерге қатысты қаулы қабылдады
Үкімет министрлер мен әкімдерге қатысты қаулы қабылдады
© primeminister.kz
608
оқылды
2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулыға өзгерістер енгізілді, – деп хабарлады primeminister.kz. Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны көтеруге мораторий енгізу туралы» Қаулы қабылданды. Бұған дейін Президент әкімдер мен министрлердің жалақысын өсіруге мараторий жариялағанын жазған болатынбыз.