Елордада емхана фельдшері науқасты бірнеше рет зорлаған
Елордада емхана фельдшері науқасты бірнеше рет зорлаған
© kranz.ru
624
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық емханасының фельдшері кембағал науқасты бірнеше рет зорлады деген күдікке ілікті. Мүгедектігі бар қыздың анасы «Не молчи» қорынан көмек сұрады, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арызданушының айтуынша, өткен жылдың шілде айында қызы екеуі коронавируспен ауырып қалған. «Емдеу 7» емханасынан шақырту бойынша үйге фельдшер келген.
«ПТР тест алған медицина қызметкері келесі күні үйге келіп, дәрі-дәрмек жазды. Ауруханаға жату керектігін айтып еді, біз бас тарттық. Қызымнан үйде кім тұратыны, туыстар жайында тәптіштеп сұрады. Ол үйде ер адамның жоқтығын, екеуміз ғана екенін айтты. Сенбі фельдшер кешқұрым қайта келіп, қызымды компьютерлік томографияға апаратынын айтты. Үстінде медициналық халаты, қолында сөмкесі жоқ. Сеніп, қызымды жібердім», – дейді жапа шегушінің анасы.
«Не молчи» қорының жазуынша, фельдшер компьютерлік томографияға бірге бармақ болған анасын үйде қалдырып кеткен. Жеке көлігімен «Емдеу 7» емханасына апарып, фильтр кабинетіне кіргізген. Компьютерлік томография жасау үшін көзді байлау керектігін айтып сендірген. Қыздың қорғансыздығын пайдаланып, оны зорлаған. Одан кейін науқастың үйіне қайта барып, анасы екеуін басқа емханаға КТ-ға апарған. «Сергек» камераларына түскен жазба мұны растап отыр. Шошынып қалған қыз 3 апта бойы анасына ештеңе айтпаған. Өйткені күдікті бұл жағдайдың құпия болуы керектігін, оны білсе анасы ауыратынын айтып сендірген.
«Ертеңінде фельдшер тағы келіп, қызымды ЭКГ-ға апаратынын айтты. Арнайы киімді былай қойғанда, медициналық маскасы да жоқ. Фильтр кабинетіне апарып, қызымды тағы зорлаған екен. Үш апта өткен ол қыздардан сараптама қалай алынатынын сұрады. Өйткені дәрігер осылайша сараптама алды деп ойлап жүрген. Ақырын сұрай келсем, қызыма осындай айуандық жасалған екен», – дейді анасы.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.