Қамауда отырған «Дикий Арманның» жоғалып кеткені рас па?
Қамауда отырған «Дикий Арманның» жоғалып кеткені рас па?
237
оқылды

Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов мәлімдеме жасады.

Адвокаттың айтуынша, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қонақүйде ұсталған Арман Жұмагелдиев Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған.
«Бір күн бұрын екі рет  тергеу изоляторына бардық. Тергеушілер бізбен ішке ілесіп кірді. Сұрақ-жауап кезінде Арман Жұмагелдиев тергеу органдарымен ынтымақтасуға әзір екенін де айтқан еді», – дейді.
Алайда, адвокаттың айтуынша, құқық қорғаушылар ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиев тергеу изоляторынан шығарылғанын білген. Бірақ мұны заңгерлерге хабарламаған. Адвокат Қуат Салиевтің айтуынша, тергеудегі адамға қатысты қандай өзгеріс болса да, оның адвокатына хабар беруі тиіс.
«Бізге ешкім хабар айтпады. Қазіргі уақытта Арман Жұмагелдиевтің қайда екені беймәлім», – деді Қуат Салиев.

Бұған дейін «Дикий Арман» ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.