"Дикий Арманның" не үшін ұсталғаны белгілі болды

Дикий Арман
Фото: RT

"Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған, – деп хабарлады BaigeNews.kz.

Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский мәлімдеді.

Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінімхатын қанағаттандыру туралы үкімде тергеуші сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарап шығып мынаны анықтаған: Бас прокуратура 2022 жылдың 1-10 қаңтар аралығында  Қазақстан аумағында болған  жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін Алматы ПД арнайы операция кезінде "Дикий Арман"  бастаған ҰҚТ-ның 6 мүшесін ұстағанын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.