Дикий Арман бізге ақшаны шытырлатып таратты – әзілкеш Қайрат Әділгерей
Дикий Арман бізге ақшаны шытырлатып таратты – әзілкеш Қайрат Әділгерей
©А.Ахметқазы
1,046
оқылды

«Әзіл әлемі» театрының белді актері, әзілкеш Қайрат Әділгерей «40 сұрақ» бағдарламасында сұхбат берген. Әңгіме барысында ол «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің туған күнінде болып, ақшаға қарқ болғанын айтты.

– Жұрт мені Арманмен күнде сөйлесіп тұратын дос деп ойлап қалған сияқты. Негізі қатты араластығымыз жоқ. Былтыр туған күнін жүргізіп бергенім бар. Сол кезде Дубайға барып өткізгенбіз. Артынан Арман кеме жалдап, Қазақстаннан барған бүкіл әртістерді қыдыртып, тамағын беріп, ән-жыр тыңдады. Содан кейін ұшып кеткенбіз», – дейді Қайрат Әділгерей. Оның айтуынша, оны бұл шараны жүргізуге белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева шақырған. – Бұған араласуға басында қорықтым. Арман қандай саланың адамы екені бәріне белгілі. Қауіп деген аяқ-асты ғой, қайдан келетінін білмейсің. Бірақ кейін оның жанашыр әрі мәрт екенін көрдім. Сол кезде ақшаны бәрімізге шытырлатып таратты. Оның анасы шеркеш екен, мен де сол руданмын. Содан екеуміз ақ жиен болып қалдық», – дейді ол. https://www.youtube.com/watch?v=PZWp4Sn0dDA