Қаныш Ізбастин "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесі құрамынан шықты. Мұны Қазақстан қор биржасы хабарлады.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 2022 жылғы 26 қаңтардағы шешімімен директорлар кеңесінің төрағасы Қаныш Ізбастиннің директорлар кеңесі құрамынан шығарылғаны туралы биржаға хабарлады, – делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге байланысты «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: А.К. Жуанышбаева, А.Е. Мырзағалиева, С.Н. Мәдиев, Р.С. Оразбаев, А.Г. Прашев.
Еске салайық, Қаныш Ізбастин мұның алдында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді.