Несиесі жоқ қазақстандықтардың саны 3 миллионға жетті
Несиесі жоқ қазақстандықтардың саны 3 миллионға жетті
283
оқылды

Бірінші несие бюросы бөліп төлеуге арналған қарыздың көбейе түскенін анықтады. Сондай-ақ Қазақстанда банкке қарызы жоқ 3 миллион адам бар екені нақтыланды.

Былтырдың өзінде бөлшек несие 43 пайызға жеткен. Қазақстандықтардың басым көпшілігі түрлі тауарлар мен тұтынушылық қарыз алуда. Оның жалпы сомасы 5 триллион теңгеден асады. – Қазір несиені орта есеппен бір жылға дейін алады. Негізінен төлемі аз әрі бөліп төлейтін тауарлар алынған. Орташа тұтынушылық қарыз 300 мың теңгеден асады. Жалпы, халық несие алған соң оны өтейтінін ұмытпауы керек. Сол себепті қанша несие алса да, бастысы қарызын уақытылы төлей алуы тиіс, – деді Алматы қаласының Бірінші несие бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева. Әзірге банк алдында қарызын өтеп жатқан адам саны – 6 миллион.