Мәскеуде Қазақстанның қылмыс әлемінде танымал тағы бір тұлға ұсталды
Мәскеуде Қазақстанның қылмыс әлемінде танымал тағы бір тұлға ұсталды
© paryz.kz
803
оқылды
Мәскеуде Қазақстанның қылмыс әлемінде танымал тұлға саналатын Айтқали Маймышев ұсталды, – деп жазады orda.kz. Прайм Крайм ақпарат агенттігі Ресейдің жедел іздестіру тобы мен арнайы жасақ Маймышевті «Измайлово Альфа» қонақүйінен ұстағанын хабарлады. Маймышевтің Мәскеуге екі күн бұрын таулы Алтай өңірінен ұшып келгені анықталды.
– Маймышев Айтқали Мұқашұлы. 1958 жылы 10 сәуірде дүниеге келгенмін. Лақап атым Леха Семипалатинский. Бұрын түрлі қылмыспен сотты болғанмын. Жалпы барлық бағытқа Мәскеу арқылы ұшады ғой, мұнда келудегі мақсаттың бірі сол, – деді Маймышев тергеу барысында.
Бұған дейін тергеу изоляторынан жоғалғаны туралы ақпарат тараған  «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің қайда екенін жазған болатынбыз.