«Дикий Арманның» қайда екені белгілі болды
«Дикий Арманның» қайда екені белгілі болды
© stan.kz
Алматыдағы тәртіпсіздік ісі бойынша ұсталған  «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары оның қайда екенін анықтады.  Қорғаушылар ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевтің тергеу изоляторында жоқ екенін білген.
"Бізде оның Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында (Масанчи көшесінде орналасқан) екені туралы ақпарат болғанымен, бүгін таңертең ол жерде болмай шықты. Содан соң біз Алматы қалалық ҰҚК-не барып, уақытша ұстау изоляторының өкілін алдымызға шығуын талап еткенімен, олар бүгін санитарлық күн екенін айтты. Ешқандай ақпарат айтқан жоқ. Одан кейін Алматы қаласының Орталық тергеу изоляторына (Красногорская көшесінде) бардық, онда бармас бұрын сағат 10.00-ге алдын ала жазылдық. Бізге растады, арнайы бөлімшенің қызметкерлері базаны қарап шығып, ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевті прокурордың санкциясымен Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті изоляторына алып кеткенін айтты", – дейді заңгер Талғат Есімов.
Оның айтуынша, оларға Арман Жұмагелдиевті не үшін алып кеткенін түсіндірмеген.
"Бұған дейін біз келесі аптада өзі отырған тергеу изоляторында тергеу әрекеттерін бастаймыз деп келіскен едік. Оның үстіне біз оны басқа оқшаулау камераларына ауыстыру жоспарда бар ма екенін сұрағанымызда жоқ деп жауап берген. Біз себебін білмейміз, бірақ бізді адастырғысы келген секілді. Арман Жұмагелдиев ешкімнен жасырынып жүрген жоқ", – дейді қорғаушы.
Бұған дейін қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің жоғалғаны туралы мәлімет тараған болатын.