Қазгидромет синоптиктері бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
3 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20
Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.