«Талибан» Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты мәлімдеме жасады
«Талибан» Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты мәлімдеме жасады
© mk.ru
Ауған елінен еш халыққа қауіп жоқ.  "Талибан" қозғалысының үндеуінде осылай делінген, - деп хабарлады «Ариана Ньюс».
Қаңтарда бірқатар БАҚ ресейлік лауазымды тұлғалардың ауғандықтардың Қазақстандағы тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны туралы сөздерін жариялаған болатын.
"Біз Қазақстандағы проблемалардың бейбіт және дұрыс шешілгенін қалаймыз. Біздің тарапымыздан, Ауған жерінен еш халыққа қауіп жоқ", – деді талибандардың өкілі Забихулла Муджахид.
Қаңтардағы бүлік кезінде талибандықтар Қазақстанда шеруге шыққандар мен билікті диалогқа шақырғанын айтады. 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тәртіпсіздікке сырттан келген адамдар қатысқанын мәлімдеген болатын.