"Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 ақпанда бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
4 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында түнде 4 ақпанда тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 5 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.