Ақтөбе облысында қора өртеніп, 100-ге жуық ірі қара мал жанып кетті
Ақтөбе облысында қора өртеніп, 100-ге жуық ірі қара мал жанып кетті
626
оқылды
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көлденең Темір ауылындағы шаруашылықта қора өртеніп, 100 бас мал жанып кетті. Бүгін 101 байланыс нөміріне Мұғалжар ауданы Көлденең Темір ауылындағы «Шоман» шаруа қожалығындағы қорадан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен өрт сөндірушілер жіберілді.
«Өрт ауданы 600 шаршы метрді құрайды. Шаруашылық иесінің айтуынша, шамамен 100 бас ірі қара және бірнеше техника (трактор, мотоцикл) жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.