«Қазақстан халқына» қорына соңғы тәулікте тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, 2 ақпанда ақша аударғандар:
Турлов Тимур Русланұлы - 500 миллион теңге;
Ыдырысов Дінмұхамет Аппазұлы - 300 миллион теңге;
Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы - 250 миллион теңге;
"Бағыстан" ЖШС - 100 миллион теңге;
Vertex Trans ЖШС - 20 миллион теңге;
"Эдельвейс Транс" ЖШС - 20 миллион теңге.
Бүгінгі таңда қорда 113,4 млрд теңге жиналған. Қаражат 16 қаңтардан 2 ақпанға дейінгі аралықта түскен.