Арыста көпбалалы екі отбасы баспаналы болды. Бастамаға «Қолғабыс» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.
Баспана алған отбасының бірінде – 4 бала болса, екіншісінде 7 бала бар. Осыған дейін жалдамалы пәтер мен қараусыз қалған үйлерді паналап келген. Балалардың жәрдемақысымен күнелткен. Екі отбасыға «Қолғабыс» қайырымдылық қоры ұйытқы болып, үй салып берді.
Екі тұрғын үйдің жалпы аумағы – 101 шаршы метр.
Қуанышқа кенелген отбасыларды Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова құттықтады. Қайырымды жандар мен «Қолғабыс» қорына алғыс айтты.