Қазақстандық оқушылар онлайн-оқытуға наразылық білдіріп, қастарын қырып тастаған
Қазақстандық оқушылар онлайн-оқытуға наразылық білдіріп, қастарын қырып тастаған
©сурет интернеттен алынды
635
оқылды

24 қаңтар күні апалы-сіңілі Фатима және Медина Майсар оқушыларды мектепке шығаруды талап етіп, бейне хабарлама шығарған.

– 31 қаңтарда Қазақстанның барлық оқушысы қалыпты оқуға көшіп, мектепке қайта оралмаса, бәріміз қасымызды алып тастаймыз. Оқушы саны 600-ден ассын-аспасын, екпе алған-алмағанына қарамаймыз, қай сыныпта оқыса да бәрі бірдей мектепке шығу керек. Әйтпесе, ғаламтордың кесірінен білімсіз ұрпаққа айналып барамыз. Бала болсақ та, қала ішінде жүруімізге еркіндік берген. Соның арқасында кинотеатр, сауда орталықтары, ойын-сауы орындарына емін-еркін кіріп жүрміз. Ендеше, неге мектепке баруға болмайды? Осыны түсінбеймін, – деген олар бейне үндеуде. Сөйтіп, қастары қырып тастаған. Оқушылардың бұл өтінішіне Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева жауап берді. Оның сөзінше, видеоүндей Алматыдағы Білім басқармасының басшысына жолданған. – Министрліктің бастамасымен ведомствоаралық комиссияның отырысында осы мәселе көтерілді. Оқушылар 24 қаңтардан бастап офлайн режимге көшетін болды. Оның 1-4 сынып оқушыларының мектепке келуі міндетті. 5 сыныптан бастап мектептің құрылымына қарай оқушылардың 50 пайызы ғана шыға алады. Ал кмнің бару-бармауы ата-ана мен оқушының өз таңдауы, – деді ол.