Кеше жергілікті әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өскемен әкімін қызметінен босату жөнінде ұсыныс білдірген петиция жарияланған еді.
«Өскемен әкімі 2018 жылы қызметке тағайындалғалы бері өз іс-әрекеттерімен қала халқын билікке қарсы қойып келеді, себебі адамдар ол кісінің тұлғасында мемлекеттік басқару аппаратын көреді. Қала бюджетінің жыл сайынғы өсуіне және жарияланған жетістіктерге қарамастан, қаламыз көптеген әлеуметтік салаларда құлдырауда, бірінші ретте, бұл құлдырау қалалық инфрақұрылымды дамытуда байқалады. Соңғы үш жылда бюджет шығыстары айтарлықтай көлемде өсті, бұл қаланың жағдайын сапалы жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға әкелуі керек еді, бірақ олай болмады» деп басталатын петиция «Құрметпен, Өскемен қаласының тұрғындары» деп аяқталады.
Бүгін бір топ өскемендік тұрғын, ішінде қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бизнес өкілдері, қариялар бар қоғам белсендісі Роман Честныхпен кездесіп, петицияда айтылған дүниелермен келіспейтіндіктерін жеткізіп, өз пікірлерін білдірді.
«Петиция авторына мұндай құқықты кім берді? Ол қалайша бүкіл қала тұрғындары атынан әкімнің жұмысына баға бере алады? Біз бір адамның пікірін қоғамның пікірі ретінде қабылдауға болмайтынын айтқымыз келеді», – дейді Өскемен қаласының тұрғыны, кәсіпкер Сергей Коротин.